Аман болшы ардақты мұсылмандар!!!
Аман болшы ардақты мұсылмандар!!!

Бiсмiлләсiз еш тiрлiк бастамаған,
Иншалласын аузынан тастамаған.
Аман болшы ардақты мұсылмандар,
Иман тұнған жүрегiн ластамаған.

Бес уақытта азаны тоқтамаған,
Бос сөз айтып жақ талып оттамаған.
Сабырымен шүкiрi қатар қонып,
Таспен атқан жанды да боқтамаған.

Бiр Алладан басқаға табынбаған,
Жамандықтың жанынан табылмаған.
Әр минутын бағалап сан жылдардың,
Тектен-текке бос жүрiп сабылмаған.

Машалла деп таң қалып таңданатын,
Жандар емес мақтанып паңданатын.
Ғылым-бiлiм жолында шауып озар,
Үммет екен тез өрлеп жанданатын.

Пайғамбарын ерекше сүйетұғын,
Әр хадисiн ойына түйетұғын.
Нәбиiмнiң сүннетi емеспе деп,
Бар киiмiн оң жақтан киетұғын.

Құран жаттап амалға асыратын,
Қиналғанда Құдайға бас ұратын.
Жүрғой қанша тақуа, әулиелерiң,
Уағыз айтса өзендей тасынатын.

Ғайбат айтып, харам тiрлiк бастамаған,
Алла берген асыл дiндi ластамаған.
Аман болшы ардақты мұсылмандар,
Дiн бауырын қиындықта тастамаған.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
2 жыл бұрын 521
1 пікір