Иманның шарттары!
Иманның шарттары!

Барша әлемдi жоқтан бар қып жаратқан,
Сан тарапқа шұғыласын таратқан.
Аллаға сен ең алдымен адамзат,
Бар тiрлiктi тек өзiне қаратқан.

Аллаға сен оралыңның барында,
Жия берме сасық боқты қарынға.
Иман жүздi болмай шықса егерде,
Тастап кетер күн туғанда жарыңда.

Сенi дайым бақылауға алатын,
Өн бойыңа жақсы ойларды салатын.
Перiштелер Хақ әмiрiн орындап,
Содан бақыт, содан ләззат табатын.

Иман келтiр перiштеге тасынба,
Алла әмiрiн бұлжытпайды расында.
Жақсы-жаман iстерiңнiң барлығын,
Еш өзгертпей жазып тұрар қасыңда.

Топырақтан Адам ата жаралды,
Сол атадан бар адамзат таралды.
Төрт кiтапты жолдаған соң Хақ Алла,
Көп жамағат зор бақытты бола алды.

Кiтап келiп Жаратқанға бағындық,
Серiк қоспай тек Аллаға табындық.
Құран сырын ұғамыз деп қаншама,
Әрлi-берлi бiлiм iздеп сабылдық.

Одан кейiн пайғамбарға иландық,
Иланғансоң жүректегi иман нық.
Жер жаһанға келген қанша пайғамбар,
Есiң болса Хақ жiберген сыйларды ұқ.

Пайғамбардың барлығына иман ет,
Сұм залымдар иман етпей қинап ед.
Өз өмiрiн өнеге етiп бәрiде,
Көп жанарға зор қуаныш сыйлап ед.

Жүргенде өмiр өтер көзге iлiнбей,
Бiр қайғы бiр қуаныш кез бiлiнбей.
Ақырет ауылыда алыс емес,
Деп ақырын тiрелер сөз түбiндей.

Сүр үрленсе қиямет қайым басталар,
Азап шегер мұсылманнан басқалар.
Ақыреттiң өткелiнен бағыт ап,
Жұмақпенен от тозаққа тасталар.

Мұның бәрiн Алла әуелден бiледi,
Мұсылманның Рахман ғана тiрегi.
Тағдырына қарсы шықпай бағынған,
Бақыт құшар момындардың жүрегi.

Тағдырыңа иман етсең күлiмде,
Имансыздар өрiп жүр ғой бүгiнде.
Дұға жасап иманыңды күшейткiн,
Иманды жан бақыт табар түбiнде.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
2 жыл бұрын 596
1 пікір