Мешiт iшiнде
Мешiт iшiнде

Мешiт iшi жап-жарық нұрланып тұр,
Мендегi нұрсыз жүрек былғанып тұр.
Айтуға тiлiм жетпей осы сәттi,
Өз-өзiнен өлеңдей жырланып тұр.

Бiреу отыр Құранды мың ақтарып,
Ал бiреуi Аллаға сыр ақтарып.
Қайран менiң қарайған жүрегiм-ай,
Оңбадың-ау бұл сыйдан жырақ қалып.

Бiрi келiп сәждеге бүгiледi,
Құран нұрға құлақтар түрiледi.
Өтсiн мейлi адамдар ғибадатсыз,
Дегендейiн қайта бәрi тiрiледi.

Молдалардың дiндi айтып ескерткенi,
Қорқытып ой санамды теспек тегi.
Жаннатты армандаудан жырақ жүрiп,
Көп бопты менендағы ес кеткелi.

Мешiт iшi жанарларға нұр сыйлайды,
Сыйлай бермек бұл сыйын бiр тыймайды.
Мешiттен алыс кеткен күнiм қараң,
Сағындым, сағынышым шын қинайды.

Мешiттiң iшiне енсем гүлденемiн,
Бақыттан бас айналып түрленемiн.
Мешiттен алыстасам құлазимын,
Мұныдағы мен ертерек бiлген едiм.

Мешiтке барғым келедi, бара берем,
Бұл сезiмге теңдессiз баға берем.
Осыны басқаларда сезсе екен деп,
Бiр досымды бұл жаққа ала келем.

Мешiт iшi жердегi жаннәтымдай,
Нұр бередi ерекше жанға тынбай.
Құран нұрға малшынған жанды көрсем,
Елестетем тым биiк жатқан шыңдай.

Мен мешiтке барғанда қуанамын,
Сөзi емес бұл айтылған қу баланың.
Мешiт iшi жүрекке нәр бередi,
Сенбесең досым келшi бiр қарағын.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
2 жыл бұрын 508
1 пікір