Сиқыр жасау.
Сиқыр жасау.

Алладан аяқ тартқан бауырларым,
Бес парызды бекемдеп әуелей бер.
Байланыссаң ұшпаққа шығармайды,
Құдайға қарсы келген сәуегейлер.

Дiнiңнiң жақтаушысы, қорғаны ғой,
Салихалы ғалымдар, жақсыларың.
Алдап жұртты қаншама қорлады ғой,
Көбейiп палшы, балгер, бақсыларың.

Бұл күнде дiндi ұқпаған содырлардан,
Елiме төнетұғын қауiптер көп,
Ел-жұртымды мазалап ойран салған,
Сенiмi жоқ Құдайсыз тәуiптер көп,

Ақындарың атаққа мас боп жүрсе,
Берiлетiн оларға сый құр шығар.
Жаныңды тозақ жаққа жетелейдi,
Жындармен жолдас болған сиқыршылар.

Құранда барлығының дауасы бар,
Қасармай бұл сөзiме сеншi менiң.
Қарапайым халықты алдап жүрген,
Көп екен адасушы емшiлерiм.

Құдай салған тыйымды бетке айтамын,
Жасырып оны маған керегi не.
Өтiрiк айтып нақ солар көлгiрсидi,
Мұқтаждықтан тиынмен тебенiңе.

Ұйқтап жатқан санамызды тұрғызып,
Көз салайық Хақ дiнiннiң дерегiне.
Қыбылаға мойындарды бұрғызып,
Жүректердiң бойлайық тереңiне.

Авторы: Төлебек Амалхан

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
5 жыл бұрын 3666
2 пікір
  • Машалла!
    5 жыл бұрын
  • Я у многих гадалок, биоэнергетов была. Единственный человек, который реально мне помог, - Ирина. Все остальные - кто в лес, кто по дрова. Если её номер найду, напишу. По крайней мере, мне понравился и сам приём, и её советы, и реальное руководство к действиям. После её работы значительные улучшения пошли буквально по всем сферам. Это сугубо личное моё мнение - да, мне понравилось. Вот, нашла. Но была у неё уже давно, номер мог и измениться, но попробуйте по этому позвонить, может дозвонитесь: +7950-65-15-445.Только живет она в России в Свердловской области, поэтому лучше пишите смс.
    8 ай бұрын
Блог туралы
0
16258 49 141 1273 74