Соғыс бiттi, ендi соғыс болмасын!
Соғыс бiттi, ендi соғыс болмасын!

Соғыс болмай, жайнасыншы кең далам.
Білім сүйіп, өзге жұртпен тең болам.
Туған елдің туын көкке көтерер,
Уа халқым, қара мынау мен балаң.

Бар жамандық осымен тәмәм болсын,
Жер бетінде бейбітшілік заман болын.
Өнер, білім, ғылымды шын сүйетін,
Қазағымның жастары аман болсын.


Ғылым сүйіп, білім қусын балалар.
Мәңгі жасыл гүл жайнасын далалар,
Тіршілікке жан бітіріп күн нұры,
Аман болсын туыс, әке аналар.

Тірегі боп жүрсінші ұл ұяның,
Бағын жақсын, өшірмей қыз қияның.
Енді азабын көрмейік мәңгілікке,
Соғыс дейтін сұрапыл сұрқияның.

Жер бетінде енді соғыс болмасын,
Елімізге құт-береке орнасын.
Жас бұтақтар өркен жайып, көгеріп,
Жас ұрпақты Жаббар Алла қолдасын,
Жаббар Алла жамандықтан қорғасын.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
2 года назад 496
1 комментарий
О блоге
0
16258 49 141 1273 74