Өмiрдiң сарқылмас бұлағы,
Мейiрiм шуақтың тұрағы.
Ананың жүрегi,
Тәрбиенiң сөнбейтiн шырағы.
Тоғыз ай көтерiп баптаған,
Шырылдап жаныңды сақтаған.
Ананың жүрегi,
Тыныш ап бiр сәтке жатпаған.
Елең ғып қайдағы- жайдағы,
Жылулық ананың сайманы.
Ананың жүрегi,
Мейiрiм махаббат қайнары.
Өсiрер әлдиiн аялап,
Әжелер ақ жолын саялап.
Ананың жүрегi,
Жердегi теңдессiз саябақ.
Көктемдей құлпыртқан жаныңды,
Сындырмай өсiрген сағыңды.
Ананың жүрегi,
Мейiрiм ошағы жалынды.
Сен кисiн, сен iшсiн дейтұғын,
Көп берiп өзi аз жейтұғын.
Ананың жүрегi,
Әрдайым тоқ жүрсiн дейдi ұлын.
Қарайтын мейiрбан көзiмен,
Қуансаң қуанар сезiммен.
Ананың жүрегi,
Бiр сенiң мәңгiлiк өзiңмен.
Өзендей өлең боп ағатын,
Сен үшiн арнар бар сағатын.
Ананың жүрегi,
Таусылмас жыр болып таматын.
Көп пенде бай болып кетсем дес,
Байлыққа құл болған сескенбес.
Ананың жүрегi,
Ешқандай байлықпен өлшенбес.
Ұқпайтын наданды жатсана,
Иманды ек көкiрек бақшаңа.
Ананың жүрегi,
Сатылмас ешқандай ақшаға.
Мейiрiм жауабы мейiрiм,
Түсiнбей жүрсiңдер кейбiрiң.
Ананың жүрегi,
Жатса да қан жылап дейдi ұлым.
Тасбауыр жүректер жылынса,
Аялап қадiрiн ұғынса.
Ананың жүрегi,
Бақытты болар ед бұрынша.
Бұл дүние жеткiзбес тазыда,
Разымын байлықтықтың азына.
Ананың жүрегi,
Мен үшін ең қымбат қазына!
Ананың жүрегі!
|
2 комментария
-
Алма ТүсіпбековаАмалхан бауырым! Ана тақырыбы адамзат үшін сарқылмайтын мәнді де мазмұнды дүние! Ұрпаққа берер тәлімі өте көп. Дегенмен поэзия өте нәзік жанр ғой. Ұлы Абай "бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, бұл ақынның білімсіз бейшарасы" деп, баршамызға өлмес қағида тастамап па еді. Сондықтанда өлеңнің ұйқастарына абай болғайсың. Ізденген адамға шырақ өзі жағылады емес пе. Қаламың ұштала берсін.10 лет назад
-
Amalhan TolebekУлкен рахмет. Айтканызга толыктай келисемин. Оленнин ишинде былгап турган соз барма, жок алде уйкастары унамадыма?10 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.