ӘР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС МӘСЕЛЕЛЕР!!!
ӘР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС МӘСЕЛЕЛЕР!!!


Сұрақ: Раббың кім?
Жауап: Алла Тағала.
Сұрақ: Дінің не?
Жауап: Ислам.
Сұрақ: Кітабың не?
Жауап: Құран Кәрім.
Сұрақ: Құбылаң қай жер?
Жауап: Қағба / Мекке қаласы.
Сұрақ: Мұсылмансың ба?
Жауап: Әлхамдулилләһ, мұсылманмын.
Сұрақ: Қашаннан бері мұсылмансың?
Жауап: Әл-мисақтан бері.
Сұрақ: Әл-мисақ дегеніміз не?
Жауап: Адам баласы рухтарының бұл дүние
тіршілігенен бұрын рухтар әлемінде Алланың
құдіретін танып, Оған қайтып келетіні туралы
ант берген кезең.
Сұрақ: Мұсылмандығыңның дәлелі қайсы?
Жауап: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһу уә
әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу»
(Алладан басқа тәңірі жоқ екендігіне,
Мұхаммед Оның құлы және елшісі екендігіне
куәлік етемін).
Сұрақ: Кімнің ұрпағысың?
Жауап: Адам атаның ұрпағымын.
Сұрақ: Кімнің үмбетісің?
Жауап: Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.).
Сұрақ: Пайғамбарың кім?
Жауап: Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.).
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде
туған?
Жауап: Мекке қаласында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы
туған?
Жауап: 571 жылы 20-сәуірде.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ай (қамари)
санауы бойынша қай күні туылған?
Жауап: Рабиул әууәл айының 12-сі, дүйсенбі
күні.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Исламға
дейін халық арасында танылған сипаты
қайсы?
Жауап: Мухаммадул әмин (сенімді
Мұхаммед)
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көп
аталатын есімдері қандай?
Жауап: Ахмет, Махмуд, Мұхаммед және
Мұстафа.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесінің
есімі кім?
Жауап: Абдулла.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) анасы-
ның есімі кім?
Жауап: Әмина.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүт анасы-
ның есімі кім?
Жауап: Халима.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы кім?
Жауап: Әбдімүтәліп.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүт
бауырлары кімдер?
Жауап: Шәйма, Үмәйса, Абдулла.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немере
ағалары кімдер?
Жауап: Хамза (р.а.), Аббас (р.а.), Әбу Тәліп,
Харис, Әбу Ләһаб, Зубайр, Хажл, Дирар және
Муқаууим.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қанша жасын-
да үйленді?
Жауап: 25 жасында.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы
әйелі кім?
Жауап: Хадиша бинт Хуайлид.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз балала-
ры кімдер?
Жауап: Ибраһим, Қасым, Абдулла, Зейнеп,
Рұқия, Үммү Гүлсім және Фатима.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немере-
лері кімдер?
Жауап: Хасан және Хұсейн.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккелік
кезеңі қанша жыл?
Жауап: 13 жыл.
Сұрақ: Алланың соңғы елшісіне (с.ғ.с.) қанша
жасында пайғамбарлық берілді?
Жауап: 40 жасында.
Сұрақ: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғашқы
уахи қай жерде келді?
Жауап: Хира үңгірінде.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пайғамбарлық
міндетін қанша жыл бойы атқарды?
Жауап: 23 жыл.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлы көші
хижреті қай жылы қай қалаға бағытталды?
Жауап: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 622 жылы
Меккеден Мәдина қаласына көшті.
Сұрақ: Хижретте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
жанында кім болды?
Жауап: Әбу Бәкір (р.а.).
Сұрақ: Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) Әбу
Бәкірдің хижретте жасырынған үңгір қалай
аталады?
Жауап: Сәуір.
Сұрақ: Ислам тарихында алғаш салынған
мешіт қалай аталады?
Жауап: Құба мешіті.
Сұрақ: Құба мешіті қай қалада орналасқан?
Жауап: Мәдина қаласында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинада
қанша жыл өмір сүрді?
Жауап: 10 жыл.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы
қайтыс болды?
Жауап: 632 жылы. 63 жасында.
Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде
қайтыс болды?
Жауап: Мәдина қаласында.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
9 лет назад 343802
2 комментария
О блоге
0
16258 49 141 1273 74