Өмір деген не?
Өмір деген не?

Өмір деген не? Өмірдің мәні қандай? Бұл сұрақ адам баласын туылғаннан толғандыратыны ақиқат. Өмірді әркім өз шама-шарқынша түсінетіні де даусыз. Сонымен өмір дегеннің шындығы тірі болу, бар болу, кеудедегі жүректің дүрсілдеп соғып тұруы. Жүректің соқпауымен бұл өмір аяқталады. Барлық нәрсе тоқтайды, тәмамдалады. Иә, бұл өмірдің шындығы осы. Ал өмір сүру, өмірдің мәні ше? Бұның бір ғана жауабы бар- ол ИСЛАМ. Он төрт ғасыр бұрын Алланың жіберген асыл діні- ислам діні. Өмірдің бар мәні де, мағынасы да осы теңдессіз маржан дінде. Кім онымен айналысады, ізденеді, талаптанады сол табысқа жетушілерден болады. Кім онымен айналыспайды, онда ол адамның үкімін де осы дін береді. Дінсіз адам қураған ағаш секілд,і жеміс беріп жарытпайды. Тіпті оданда төмен. Себебі қураған ағаш та бір кәдеге жарап жататыны жасырын емес. Мына дүниеде бұлбұлдай сайрап ән салған әншінің бір рет болсада Алланы ұлықтап азан шақырмауы, шіріген бай бола тұра бауырларына көмектесіп, адамдар үшін мешіт, медіресе, жол салмауы қандай өкінішті. Байлық та уақытынша екенін көбіміз ұмытып кете береміз. Әр адамға көптеген мүмкіндіктермен қайталанбас ғажайып қабілеттер берілген. Сол қабілеттерді діннің жолында пайдаланған адам бұл өмірдің мәнін анық ұққан. Ақын сөз қаруын сайлап дінді дәріптесе, сәулетші мешітті көркемдеп салуға атсалысады. Иә, әділетті қоғамның көрінісі де, міне дәл осындай. Кейбіреулер үшін өмірдің мәні бала сүйіп, перзент бағу, сұлу жар құшу болар. Бірақ оныменде адам, өмірдің нағыз мәні ол емес екенін түсінуі керек. Жер бетіндегі жаратылыстың бәрі белгілі бір мақсатпен жаратылғаны сияқты, адам баласыда сондай ұлық мақсат үшін жаратылған. Ол мақсатты білген адамның бақытсыз болуы, өмірге қарғыс айтуы мүмкін емес. Себебі әр адамға өзі көтере алатындай жүктің артылғаны ақиқат. Дінсіз қоғамда адамдар өмірдің мәнін әртүлі нәрселерден іздеп, шарқ ұрады. Бақытты да айдаладан іздеп, әбігерге түседі. Жүректен күмән мен күдік арылмайды. Қашанда бір ақиқатты аңсап, соған жетуге талпынып, ынтығып тұрады. Онымен қауышқан адамдар төбесі көкке жеткендей қуанышта, шаттықта болады. Әрине бәрі бірдей бұны ұғынбайды, себебі әр адам өз шамасынша дінді ұғынады, түсінеді. Ал сіз дінді қалай ұғынасыз? 
Ойлар! Төлебек Амалхан. 28.01.2017

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
7 лет назад 21014
0 комментариев
О блоге
0
16258 49 141 1273 74