ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) АРНАУ ӨЛЕҢ!!!
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) АРНАУ ӨЛЕҢ!!!

Адамзаттың Асылы, Пайғамбарлар Сұлтаны. Екі жаһан Сардары. Мұхаммед салаллаһу алейһи уа сәллам.

Бисмилләһ деп бастайын бұл жырымды,
Ақтарып кеудемдегі жан сырымды.
Барымды салып өзімше жырлап көрем,
Шығарып шермендегі қайғы мұңды.

Жаратқан Жаббар Алла кешірімді,
Мақтаулы қып жіберді есіміңді.
Жазалмасам Ол жайлы лайықты өлең,
Тозағыңнан сақта Алла кеш мінімді.

Аллаһ өзің кеше гөр қате бассам,
Мендегі арман халқымның көзін ашсам.
Бар адамзат асылы Мұхаммедті «салаллаһу алейһи уассаллям»,
Үлгі етсе осы жанды ғұмыры дастан.

Иә, Жаратқан, Пайғамбар өскен құмда,
Санушы еді ол өзі Жаббар құлға.
Тәңірісінің шынайы құлы болған,
Мұхаммед емеспе еді асыл тұлға.

Дін келместен бұл аймақ қандай еді,
Бірін бірі жалмаған жабайы еді.
Надандақтың суынан сарқып ішіп,
Адамдықтың атынан жұрдай еді.

Адамдар адамдықтын жерінгенде,
Жамандық жақсылық боп көрінгенде.
Кісі өлтіру, ойнастық- түк емес ол
Қарша қыздар тірідей көмілгенде.

Аманатқа қиянат жасалғанда,
Құмардан құл болғандар қаша аларма?
Азғырып азынатқан шайтан малғұн,
Малғұнның құлпын олар аша алар ма?

Атаққа абыройға мас болғандар,
Жалғанда жақсылыққа қас болғандар.
Надандықтың дәуірі осылай еді,
Басы шірік, ақылы жоқ бас болғандар.

Осылай адамдық ат жеңіліс тапқан,
Зұлымдық түспей қойды биік тақтан.
Аллаһым адамдарға күн шығарды,
Шұғыласын шашатын шығыс жақтан.

Шұғылалы күн шықты жылындырған,
Алланың асыл дінін ұғындырған.
Мұхаммед Мұстафа пайғамбарым,
Хабар берді Хақ жайлы қызық сырдан.

Қырық жаста пайғамбарлық берген Алла,
Бойындағы бар жақсылықты көрген Алла.
Пайғамбардың ең ұлы жан екенің,
Анығын алдын ала білген Алла.

Келді осылай Пайғамбар жер жүзіне,
Сәуле беріп нұр шашты ел жүзіне.
Қайта жанды шамшырақ сөніп қалған,
Жалғанды үміт қалған шақ енді үзіле.

Пайғамбарым парасат падишасы,
Демеу болды жан жары Хадишасы.
Ең алғашқы мұсылман боп зайыбы да,
Сейілді қорқынышпен, көздің жасы.

Алда атқарар міндеттер ауыр еді,
Әбу Бәкір адамдардың тәуірі еді.
Мұхаммедті пайғамбар деп бірден сенген,
Әулиелердің үлкені алабы еді.

Мұхаммед хақ жолына шақыруда,
Ұйқысыз түнді таңға атыруда.
Шамалары келмейді соқырлардың,
Пайғамбарды бір сәт тыңдап отыруға.


Дін ислам көркейіп гүлденуде,
Сәт жетті бір кез былай бүркенуге.
Ата-баба ақ дінін аттадың деп,
Пайғамбарға қарғыс айтып тілденуде.

Жауласып мүшіріктер сол мезетте,
Өлтіру керек деді бұл кезекте.
Пайғамбарға барам деп Омар шықты,
Басын алу-ол үшін зор өжетте.

Бара жатыр қылышын жарқылдатып,

Қорқыныш жоқ ер тұлға қалпында түк.

Хақ елшіге сенбеген мүшіріктер,

Зор хабарды күтеді шалқып жатып.


Омардың ашуы бар асқақтаған,

Көз көрмейді, жүректі тас қаптаған.

Тура жолға шақырған Пайғамбардан,

Сөз тыңдамай сан мәрте қашқақтаған.

 

Жолынан досы шықты халін сұрап,

-Тыныштықпа, деді әрмен сөзін құрап.

Омардың ашуланған жүзін бағып,

Қайта-қайта сұрады сөзін бұрап.

 

Хаттабұлы сол кезде былай деді,

Перзентіне туған жер ұнайды елі,

Сол елге бүлік салған Мұхаммедті,

Өлтірмесе қалайша шыдайды ері.

 

Өлтірем, қазір барып жанын алам,

Ашуымды байқадың жалындаған,

Бүлікшінің сол дінін жоямында,

Ата дәстүр дінімнің шамын жағам.

 

 

Досы бұған таңданып былай деді,

Ел-жұрты үшін уайымдап жылайды ері.

Өтірікпен өрілген ата дінге,

Көзді жұмып қашанғы шыдайды елі.

 

Туғаныңда иман етті күлім қағып,

Пайғамбарға сенбесең күнің ғаріп.

Пайғамбарды өлтірем деп жүргенде,

Қос дүниеде кетпе тек шығындалып.


Ашуланып Омар кетті туғанына,
Дұрысы оның ата жолын қуғаны да.
Пұттардан құдай жасап құлшынбайма?
Азғырды-ау Абдулланың ұрпағы да.

Жол тартты қарындасы,туғанына,

Діннен безіп белін бекем буғаныма?

Деген оймен тезақ жетіп үйіне де,

Тарсылдатып есікті тұрғаныда.


Үйге кіріп беттен ұрып қарындастың,

Әрі қарай айқаймен ырылдастың.
Таяқ жеген туғаны -Тоқта,-деді,
-Сабыр сақта ағатай жаланыңды басқын.

Алланың асыл дінің ұғынбапсың,
Жүрекке жақын тұтып жылынбапсың.
Мұхаммедтің айтқан дінін қабылдасан,
Тозақы емес мәңгілік ұжымақсың.

Алланың Құранына құрмет еткін,
Мен солай бұл Құранды құрмет еттім.
Дәретсіз бұл Құранды ұстау болмас,
Алланың бұйрығына амал еткін.

Омардың жан жүрегі дуылдады,
Осылай пайғамбарға зуылдады.
Тез жетіп ақтарды оған ақиқатты,
Мұсылманмын деп айтты суынбады.

Аллаға иман етті көп жамағат,
Жатпайтын жаратқанды мүлде алалап.
Мұсылмандар бір-бірін бауыр санап,
Айтпады олар жаман сөз бір қаралап.

Мұның бәрін әз Пайғамбар үйретті ғой,
Жамандықты құлатты, күйретті ғой.
Құраннан қуат алған Пайғамбарым,
Алла дінін алдыға сүйретті ғой.

Алланың ақиқатын сезіндірген,
Жамандықтан қайтарып безіндірген.
Адамзаттың асылы әз Пайғамбар,
Әр адамға сөйлейтін сөзін білген.

Дін исламды діңгек қылып қалдырғаның,
Адамдықты алға оздырып жандырғаның.
Адамзаттың көбі мұны түсінбейді,
Қурап қалған жүректерді қандырғанын.

Исламның нәрімен шөл қандырды,
Жүректе иман сусып от жандырды.
Иманның жылуына жылынғандар,
Жәннәттік жай оларды тоғандырды.

Адамзаттың асылы болған нағыз,
Ондай адам көп емес, еді жалғыз
Үмметім, үмметім деп шырылдаған,
Бар ғаламға өшпейтін салды нақ із.

Жүзінен иман шуақ нұр шашылған,
Мейірім оты өшпеуші еді тұлғасынан.
Көкірегін толтырып жақсылыққа,
Жамандықтан қорғалып жүр жасынан.

Аллаһ айтқанын жасады, екі етпейтін,
Тәңірі Аллаһ ауызынан еш кетпейтін.
Жүректерді жаулаған әз Пайғамбар,
Жақсылықта жарысқан өседі дейтін.

Айтқан әрбір сөзі тұнық бұлақ еді,
Шын мүминге бұл сөздер ұнап еді.
Көз бояған екіжүзді мұнафықтар,
Тура жолдан көп жанды бұрап еді.

Болған сол кез діннің хас дұшпандары,
Шайтанның арбауы ғой құшқандары.
Иманның бал ләззатын сезіне алмай ,
Қирап жатты мұнафықтар күшті арманы.

Өтірік айтып өшікті жалған бәрі,
Мұсылманнан өзге олардың армандары.
Екіжүзді есерсоқ мұнафықтар,
Пайғамбардың өлгенін армандады.

Пайғамбар парасатты дана ақылман,
Адамзатты жақсылыққа сан шақырған.
Алланың ең сүйікті таңдаулысы,
Үмметін уайымдаумен таңды атырған.

Таңды таңға ұйқысыз өткізетін,
Көп уақытты құлшылықпен кеткізетін.
Ықыласты құлының құлшылығы,
Төбесін көкке бірақ жеткізетін.

Ешкімде пайғамбардай бола алмайды,
Әз пайғамбар бұл жаққа оралмайды.
Қаншама сағыныштың сырғып жасы,
Оған деген сағыныш жоғалмайды.

Біз қазақ діні берік мұсылманбыз,
Бақыт құсын мәңгіге ұшырғанбыз.
Әз пайғамбар жолымен түзу жүрмей,
Кейде шалқып кейде құлазып қысылғанбыз.

Қазағым исламнан нәр алғанда,
Бір тамшыдан адамдар жаралғанда.
Алланың хикметін сезер ме екен,
Бойына күш қуаты таралғанда.

Нәр алған исламнан Абайдағы,
Ол солай жамандықтан абайлады.
Алланың барын танып иман етті,
Жаратқанға малын емес жан байлады.

Абайлар, Шәкәрімдер, Ыбырайлар
Жүректерге иманымен терең бойлар.
Көкірете бір жұдырық ет тазарып,
Содан соң айналдырған халықты ойлар.

Ислам біздеге еш жат емес қой,
Иман деген бір тұрған зат емес қой.
Иман деген ең асыл қазынамыз,
Ой түзелсе, жай ақырын түзелер бой.

Бұның бәрін толғаған Пайғамбарым,
Адамзатқа асығып жайған бәрін.
Шын ләззатын сездіріп иманының,
Ұғындырды баршаға өмір нәрін.

Пайғамбар бар ғаламның сардарысың,
Мен күресем қапасты қалмау үшін.
Аллаһ берген иманым күшейе бер,
Қанатымды кең жаям талмау үшін.

Бір өзіңді үлгі етіп өтемін мен,
Қалайша имансыз боп кетемін мен.
Сақтасын Жаббар Аллаһ тозағынан,
Бұйыртса Аллаһ -жәннәтқа да жетемін мен.

Арыстандай айбаттанып ақырғанда,
Мұсылмандар намазға шақырғанда
Құстай ұшам мешітке, Аллаһ үйіне.
Бармауға менің сол кез хақым бар ма?

Алланың асыл дінін ұлықтайық,
Жамандықты мәнгіге жуытпайық.
Пайғамбар адамзаттың асыл тәжі,
Уа халайық, мұны ешқашан ұмытпайық!

Ермейік тура жолдан тайғандарға,
Ерейік Аллаға қол жайғандарға.
Алланың нұры жаусын ғұмыр бойы,
Салауат айтса кім көбірек пайғамбарға.

Надандықтан сақшыдай сақтанайық,
Иман айтып жәннәтқа аттанайық.
Алланың бар бұйрығын орындасақ,
Боламыз мұсылмандық атқа лайық.

Жаратқан Жаббар Алла кешірімді,
Рахым етіп жіберді есіміңді.
Жазалмасам Ол жайлы лайықты өлең,
Сақта Аллаһ тозақтан кеш мінімді.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
9 лет назад 18046
0 комментариев
О блоге
0
16258 49 141 1273 74