Пәк қызы!
Пәк қызы!

Нұрланған жүрегi құранмен,
Аз екен қыздарың бүгiнде.
Алла деп айқайлап ұранмен,
Иманды қыздарым бүлiнбе.

Бақытың күтiп тұр сан алдан,
Мұңайма елiгiм күлiмде.
Пәктiгiн кiрлеткен арулар,
Бақытты болмайды түбiнде.

Жалаңаш тәнiмен шаттанған,
Күнәһар арулар өрiп жүр.
Есерсоқ ерлерiң мақтанған,
Қызығын жалғанның көрiп жүр.

Ұятсыз беттерi қалыңдап,
Барады қыздарың бүлiнiп.
Жанбастан дәл солар жалындап,
Өтедi өмiрден түңiлiп.

Пәктiгiн сақтаған арулар,
Көрмейдi жәһаннам азабын.
Аллаға берiлген жүректер,
Бiледi бақыттың базарын.

Пәк қызы, пәктiгiн сақтаған,
Ұлтымның данышпан анасы.
Ата- Ана сенiмiн ақтаған,
Осы ғой адамның баласы.

Пәк қызы арыңды кiрлетпе,
Бақытың келедi әлi алдан.
Иманды жүрекке күрмекте,
Жеткiзбес дүниеде сан арман.

Амал ғып Құранмен сүннетке,
Жаннаттық жай болсын мұратың.
Шашылған сауапты тiрнекте,
Сөнбейдi сол кезде гүл атың.

Жан болсаң тағдырға шын сенген,
Мұңайма елiгiм күлiмде.
Пәктiгiн сақтаған арулар,
Бақытты болады түбiнде!!!

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
9 лет назад 4190
0 комментариев
О блоге
0
16258 49 141 1273 74