Қуат бер Алла Жырлайын!
Қуат бер Алла Жырлайын!


Шайтанға жүрмiн берiлiп,
Өлместей болып керiлiп.
Жәутеңдеп жаным әрнеге,
Дүниеге кеттiм елiрiп.

Жақсыдан жүрмiн жерiнiп,
Құлшылығыма ерiнiп.
Санама шуақ түспей тұр,
Нұрсыздау жүзiм көрiнiп.

Жүрегем жүрғой сөгiлiп,
Арманым кеттi шөгiлiп.
Қасықтап жиған сауаптар,
Шелектеп кеттi төгiлiп.

Көңiлiм жатыр тамұқта,
Шығалмай кетiп жарыққа.
Ант iшiп берген сөздерiм,
Бекер ме едi халыққа.

Бекерден- бекер сынбайын,
Еңбек етейiн, тынбайын.
Аллахым маған қуат бер,
Арманымды қайта шыңдайын.

Пайғамбар сөзiн тыңдайын,
Шабыт бер Алла жырлайын. 
Жүрекке Жаббар нұр бершi,
Бәйгеге шауып тулайын.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
10 лет назад 4765
0 комментариев
О блоге
0
16258 49 141 1273 74