Шайтанға жүрмiн берiлiп,
Өлместей болып керiлiп.
Жәутеңдеп жаным әрнеге,
Дүниеге кеттiм елiрiп.
Жақсыдан жүрмiн жерiнiп,
Құлшылығыма ерiнiп.
Санама шуақ түспей тұр,
Нұрсыздау жүзiм көрiнiп.
Жүрегем жүрғой сөгiлiп,
Арманым кеттi шөгiлiп.
Қасықтап жиған сауаптар,
Шелектеп кеттi төгiлiп.
Көңiлiм жатыр тамұқта,
Шығалмай кетiп жарыққа.
Ант iшiп берген сөздерiм,
Бекер ме едi халыққа.
Бекерден- бекер сынбайын,
Еңбек етейiн, тынбайын.
Аллахым маған қуат бер,
Арманымды қайта шыңдайын.
Пайғамбар сөзiн тыңдайын,
Шабыт бер Алла жырлайын.
Жүрекке Жаббар нұр бершi,
Бәйгеге шауып тулайын.
Қуат бер Алла Жырлайын!
|
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."8 месяцев назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."8 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."9 месяцев назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."9 месяцев назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."9 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."9 месяцев назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.