Бiсмiлләсiз еш тiрлiк бастамаған,
Иншалласын аузынан тастамаған.
Аман болшы ардақты мұсылмандар,
Иман тұнған жүрегiн ластамаған.
Бес уақытта азаны тоқтамаған,
Бос сөз айтып жақ талып оттамаған.
Сабырымен шүкiрi қатар қонып,
Таспен атқан жанды да боқтамаған.
Бiр Алладан басқаға табынбаған,
Жамандықтың жанынан табылмаған.
Әр минутын бағалап сан жылдардың,
Тектен-текке бос жүрiп сабылмаған.
Машалла деп таң қалып таңданатын,
Жандар емес мақтанып паңданатын.
Ғылым-бiлiм жолында шауып озар,
Үммет екен тез өрлеп жанданатын.
Пайғамбарын ерекше сүйетұғын,
Әр хадисiн ойына түйетұғын.
Нәбиiмнiң сүннетi емеспе деп,
Бар киiмiн оң жақтан киетұғын.
Құран жаттап амалға асыратын,
Қиналғанда Құдайға бас ұратын.
Жүрғой қанша тақуа, әулиелерiң,
Уағыз айтса өзендей тасынатын.
Ғайбат айтып, харам тiрлiк бастамаған,
Алла берген асыл дiндi ластамаған.
Аман болшы ардақты мұсылмандар,
Дiн бауырын қиындықта тастамаған.
Аман болшы ардақты мұсылмандар!!!
|

1 пікір
-
Nurqanat BaizaqМашалла!10 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 жыл бұрын2025, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.