Кешiремiн, кешiрiңдер адамдар!
Кешiремiн, кешiрiңдер адамдар!

Кешiр десең кешiрмейтiн адамдар,
Бiр сәт тоқтап алды-артыңа қараңдар.
Өн бойынан кiнә iздемей әркiмнiң,
Қара бастың кемшiлiгiн санаңдар.

Ақылды адам ақыретiне алаңдар,
Ақылсыздар бейқам жүрiп жалаңдар.
Жомарттың да жомарттығын көре алмас,
Шықбермейтiн қолы қатты сараңдар.

Иман болса бақытыңа балаңдар,
Ғылым жолда ашылсыншы арандар.
Жәннатқа да жiбермейдi тартқылап,
Дiннен безген һидаятсыз арамдар.

Иманыңды құртам дейдi жамандар,
Қарсы тұрсаң жеңетiндей шамаң бар.
Ақыретке азық жинап жүрсеңiз,
Қос дүниеде қымбат асыл бағаң бар.

Айналайын асыл туған жарандар,
Жақсылықты жүректерге қалаңдар.
Артық кеткен кезiң болса бәрiнде,
Кешiремiн, кешiрiңдер адамдар.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
9 жыл бұрын 5550
0 пікір
Блог туралы
0
16258 49 141 1273 74