Нұрланған жүрегi құранмен,
Аз екен қыздарың бүгiнде.
Алла деп айқайлап ұранмен,
Иманды қыздарым бүлiнбе.
Бақытың күтiп тұр сан алдан,
Мұңайма елiгiм күлiмде.
Пәктiгiн кiрлеткен арулар,
Бақытты болмайды түбiнде.
Жалаңаш тәнiмен шаттанған,
Күнәһар арулар өрiп жүр.
Есерсоқ ерлерiң мақтанған,
Қызығын жалғанның көрiп жүр.
Ұятсыз беттерi қалыңдап,
Барады қыздарың бүлiнiп.
Жанбастан дәл солар жалындап,
Өтедi өмiрден түңiлiп.
Пәктiгiн сақтаған арулар,
Көрмейдi жәһаннам азабын.
Аллаға берiлген жүректер,
Бiледi бақыттың базарын.
Пәк қызы, пәктiгiн сақтаған,
Ұлтымның данышпан анасы.
Ата- Ана сенiмiн ақтаған,
Осы ғой адамның баласы.
Пәк қызы арыңды кiрлетпе,
Бақытың келедi әлi алдан.
Иманды жүрекке күрмекте,
Жеткiзбес дүниеде сан арман.
Амал ғып Құранмен сүннетке,
Жаннаттық жай болсын мұратың.
Шашылған сауапты тiрнекте,
Сөнбейдi сол кезде гүл атың.
Жан болсаң тағдырға шын сенген,
Мұңайма елiгiм күлiмде.
Пәктiгiн сақтаған арулар,
Бақытты болады түбiнде!!!
Пәк қызы!
|

0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."3 ай бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."3 ай бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."4 ай бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."4 ай бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."4 ай бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."4 ай бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.