Бiр жұма кетiп, бiр жұма мiне оралды
Бiр жұма кетiп, бiр жұма мiне оралды

Бiр жұма кетiп бiр жұма келдi тағыда,
Күткем жоқ неге, сағынып аса зарыға.
Уақытқа құрғыр iлесе алмай кеттiм нелiктен?
Шығып кеттiмбе жын-шайтандардың жағына.

Аллахым сақта азғырушыдан шайтаннан,
Қателiгiм көп оны бiрақта айталман,
Бiр Алла өзiң кеудеме жарық нұр сыйлап,
Өзiңсiң Жаббар жаманаттардан қайтарған.

Бiр жұма кеттi, бiр апта уақыт жоғалды,
Ұйқымен қанша сағаттарым көп тоналды.
Құлшылығыма немқұрай қарап жүргенде,
Бiр жұма кетiп, бiреуi мiне оралды.

Өкiнiш кернеп ызадан жүрмiн шығалмай,
Мықты емес екем жалқаулықты жеңiп жығардай.
Екi дүниенiң бақытын Алла нәсiп ет,
Бiлiм бер және дiнiмдi мықтап ұғардай.

Бүгiнгi тiлек-дұғаларымды қабыл ет,
Ел үшiн туған бабаларымдай жалын ет.
Аллахым менiң бар ғұмырымды мәндi етiп,
Жаннатқа бастар азулы тұлға дарын ет.

Бiр жұма кетiп бiр жұма мiне оралды,
Кешегi уақыт келмеске кеттi жоғалды.
Аңқайып жүрiп бiлмеймiн құрғыр қаншама,
Сағаттар айлар, жылдарым қанша тоналды...

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
9 жыл бұрын 4140
0 пікір
Блог туралы
0
16258 49 141 1273 74