Мен дүние есігін ашқалы біраз жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде көп адамдармен дос болыппын. Сырғып уақыт өтіп жатқанда адал доспен амал достың арасын айыратын болдым. Адал дос жаныңа жақын болады екен, ал амал дос малыңа жақын болады екен. Қазақ халқында достықтың, дос болудың керемет үлгісі сақталған. Оған байланысты мақалдар мен мәтелдер жетерлік. Осы достықтың үлгісінде бабалармыз исламнан сусындап салтымен санасына сіңіріп жіберген. Дос- доссыз өмір бос демекші досына жәрдемші, тілекші бола білген. Бірақ сол достықтың арасына бұл күнде сызат түскен. Дос деп жүрген жігіттер ертеңіне сені сатып кетуі мүмкін, тіпті сені сүйіп қалып өз сезімін білдіруі мүмкін. Бүгінгі таңда қызтеке жігіттердің көбейіп кетуі дебір жамандықтың бастауы екені белгілі. Осындай азғындап тұрған кезеңде досты қалай жақсы көруді шатастырып барамыз. Дос деген тірегің, жауға шапсаң білегің, иманнан әлсіресең күшейтетін жүрегің емеспе? Менде досымды жақсы көремін. Ақыретімнің жолында болған, елдің, жұрттың қамын ойлайтын досымды жақсы көремін. Бірақ анайы түрдегі достық емес бабалардың, пайғамбарлармен сахабалардың жол көрсеткен достығын жақсы көремін. Бүгінгі жастарды қарасаң досым деп бет сүйіп амандасқаны қай сасқаны. Қазақ досын көрсе кеуде соғыстырып, құшағына басушы еді ғой. Досым деген жанға емешегі езіліп қолдан келген бар көмегін аямайтын. Ал бүгінде, ертең маған пайдасы тиіп қалар деп достасып, сыйласып жүрміз. Айналайын қазағым жігеріңді жасытпай достығыңды сақтай біл,жамандарға қас болып жақсыларды жақтай жүр. Сырттан келген жат қылықтарды бойға сіңірместен ата-бабалардың қалдырған алтын жолы ислам жолымен жүріп досқа адал, дұшпанға қаталдық танытайық. Қанекей бауырлар оятайық намысты.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Сәресінің жеті берекесі. Неге сәресіні қалдырмаған..."14 сағат бұрынДәурен жаңа жазба қосты: "«Транзишн». Жыныс ауыстырғанның жазасы қандай?..."15 сағат бұрынҚанат Байбосынұлы жаңа жазба қосты: "Пайғамбарлар оразасы..."23 сағат бұрынҚанат Байбосынұлы жаңа жазба қосты: "Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің әлеуеті а..."23 сағат бұрынАскар Тауекелов жаңа жазба қосты: "Как себя вести в конфликтной ситуации? Стратегия "..."КешеNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Оразаның 14 пайдасы..."2 күн бұрын2021, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.