Өзiмiздi өзiмiз жиi алдаймыз.
Өзiмiздi өзiмiз жиi алдаймыз.

Өзiмiздi өзiмiз жиi алдаймыз,
Ар алдында қымсынып ұялмаймыз.
Жаралған сынақ үшiн мына өмiрде,
Атақпен мол байлықты қиялдаймыз.

Төмендi кедей ғой деп менсiнбеймiз,
Дүние, ақша көп болып енсiн деймiз.
Бiр туысың сәл байып кетсе егер,
Сараң етiп қарғап сап өлсiн деймiз.

Жатып iшер жалқаумыз, ерiнемiз,
Күнәға күреспей-ақ берiлемiз.
Мешiттiң маңын торлап жүргендер аз,
Көбiмiз клуб жақтан көрiнемiз.

Өтiрiк айтып, көбiмiз өсектеймiз,
Кiшiгiрiм жақсылықты есептеймiз.
Белшемiзден күнәға батып алып,
Қайта айналып өмiрге келсек деймiз.

Ақиқаттың қыр сырын ұғынбаймыз,
Тәкәппар, өзiмшiлмiз, бұғынбаймыз.
Жалғанда жалпағынан шалқып жүрген,
Жаратқанның бейкүнә құлындаймыз.

Жүрегiм таза деймiз, көсiлемiз,
Осылай надандықты өсiремiз.
Балталап тастамастан дер кезiнде,
Адам атын кiрлетiп, өшiремiз.

Күпiрлiкке қадам басып аңдамаймыз,
Алланың адал асын таңдамаймыз.
Барлығын бiлiп туған данышпандай,
Бабалардың iзгi жолын жалғамаймыз.

Негiзi бiз өзiмiздi жиi алдаймыз,
Қу тiршiлiк, қу дүниенi қиялдаймыз.
Басымыз құбылаға бұрылсада,
Қамбамызға сауаптар жия алмаймыз.
Мынау тәттi жалғанды қия алмаймыз.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
10 жыл бұрын 7822
2 пікір
Блог туралы
0
16258 49 141 1273 74