Шарықта ана тілім қасиетім!!!
Шарықта  ана тілім қасиетім!!!

Шарықта  ана тілім қасиетім,

Ұлыңмын бір өзіңе бас иетін.

Тұғырың биік болсын қалықтай бер,

Асқақта асыл тілім шын сүйетін.

 

Сендік тілмен ана ұлын сағынатын

Сезімдер селдей болып ағылатын.

Бір-бірімен айтысқан ақындардың,

Арасында алып от жағылатын.

 

Асыл тілім сен барда теңіздеймін,

Сен жоқ жерде шарқ ұрып сені іздеймін.

Жалын шашқан жырыммен қаным қазақ,

Ана тілім сеніменен егіздеймін.

 

Азаттықтың асылыда өзің едің,

Бодандықта бозарып тозып едің.

Күйретем деп күйреген біреулердің,

Қоластында құлдыққа төзіп едің.

 

Жаратқан Жаббар тілін тұсаулаған,

Құртам деп талай жауыз құрсаулаған.

Мұзыңды бұзып жарған алып кеме,

Аман шықтың қалтырап құрсаулардан.

 

Тіл жайында ой толғап жүретіндер,

Құритынын елдіктің білетіндер.

Тіл жоқ болса ұлт жоқ, жұрт жоқ, ұлыста жоқ,

Деп сен үшін өлімге өзін тігетіндер.

 

Ана тілін сүймеген сатқын болар,

Сүйметұғын өзіңді сатқындар бар.

Ана тілім асылым, бір өзіңді,

Аялайтын батылдармен ақындар бар.

 

Арыстандай айбаты бар ақындардың,

Ән жырымен өзіңе жақындармын.

Сүйген ғой Мағжан, Ахмет, Абай, Ыбырай,

Өз тілін осылардай сүйеалар кім?

 

Сүйетін шын сүйетін ұрпақ келер,

Қорғайтын жауыздардан қорғап берер.

Жоям деп тіл-дініңді жүргендерді,

Қарсы тұрып соларды жаншып жеңер.

 

Ана тілім асқақта шарықтағын,

Көк аспанда еш талмай қалықтағын.

Құртамын деп құлшынған құрғырларға,

Қарсы тұр жалықпағын, зарықпағын.

 

Өзің деп өтсін мейлі бар өмірім,

Қорғаймын жасыма еш нар көңілім.

Азаттықтың ақ туы ана тілім,

Асқақтатам әлі талай алда өмірім.

 

Жібергенбіз бостандыққа, еркіндікке,

Самғап ұш сүйіктім ау еркіндікте.

Жарысып алда жүргін өзге тілден,

Шарлаған қырандайын жер кіндікте.

 

 

Шарықтай бер  ана тілім қасиетім,

Ұрпақ өсті өзіңе шын бас иетін.

Тұғырың биік болсын қалықтай бер,

Асқақта асыл тілім шын сүйетін.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
9 жыл бұрын 7146
0 пікір
Блог туралы
0
16258 49 141 1273 74