Биіктен ләззат алатын.
Ұлыңмын қаққан қанатын.
Жиырма төрт сағат iшiнде.
Намаздан бақыт табатын.
Намазға көңiл бөлетiн.
Жанына жылу төгетiн.
Аман бол қазақ жастары.
Жаманды, күндеп сөгетiн.
Бiлiм-ғылымды бағатын.
Жалындап, лаулап жанатын.
Қайда жүр қайсар сұңқарлар.
Биiкте қанат қағатын.
Дiнiнен iздеп бақытты.
Табатын ақыр жақұтты.
Асау боп шапқан тұлпарлар.
Бұл күнi неден тарықты.
Көздеген жерге қадалған.
Қадалған жерден қан алған.
Азайып кеттi-ау шамасы.
Батыр ұлдарым жау алған.
Жауға да шапқан бабалар.
Тiреу боп оған аналар.
Қайсар халықтан тек қана.
Қайтпас ұрпағы таралар.
Дiнiмен дiлiн сақтаған.
Бабаларыммен мақтанам.
Екi дүниенi тең ұстап.
Болашақтарға аттанам.
Жерiмдей дархан кең болам.
Барша халықпен тең болам.
Тәуелсiз елдiң тарланы.
Бақытты ұрпақ мен болам.
Дәстүрмен дiндi дәрiптеп.
Барамыз алға жанып тек.
Құранға бұрып назарды.
Оқып жатырмыз әрiптеп.
Жақыннан танып Құдайды.
Жаратқанға елiм ұнайды.
Жаннатқа барар жолдарда.
Оңдырмай Алла сынайды.
Сынақтан өткен сүрiнбей.
Жаннатқа кiрер күлiмдей.
Кеудесiн керген жауыздар.
Тозақы болар түбiндей.
Ұлыңмын қаққан қанатын!
|

2 пікір
-
Әбдіқадыр Біләлұлы САБЫРӨте жатық тілде жеткізілген! Алла разы болсын!8 жыл бұрын
-
Nurqanat BaizaqБабаларымыз сондай текті болған.8 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Символ Рамадана, или почему мусульмане так любят ф..."7 сағат бұрынАқшолпан НҰРДӘУЛЕТ жаңа жазба қосты: "Шестиклассник из Туркестанской области изобрел "ум..."13 сағат бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Рамадан. Три степени поста..."КешеБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналға..."2 күн бұрынУльяна Лемантович жаңа жазба қосты: "Литовский алфавит..."2 күн бұрынУльяна Лемантович жаңа жазба қосты: "Португальский алфавит..."2 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.