Жоқ және көп
Жоқ және көп

Жерде жатқан бiреудiң баласы жоқ,
Оны ойлайтын пасықтың шамасы жоқ.
Тайраңдаған залымды тыйатындый,
Көкелердiң қолданар шарасы жоқ.

Адамдардың бұл күнде аласы көп,
Бiлседе, бiлмеседе таласы көп.
Румен жүзге бөлiнiп қырылғандар,
Бiрiкпейдi бiр қазақ баласы боп.

Қазағымның ақылгөй данасы көп,
Бастықсымақ, парқор ағасы көп.
Тарихына тереңнен бойламайтын,
Қу дүниеде құр жүрген баласы көп.

Қара жұрттың жүректе жарасы көп,
Қаңғытқан қарттарымның наласы көп.
Жақсылыққа шақырған ғалымдарға,
Жазықсыздан жабатын жаласы көп.

Дiнсiз, тiлсiз қазақтың бағасы жоқ,
Түсiнсе егер Алладай панасы жоқ.
Маса болып ызыңдап шақсаңдағы,
Жүректерiн оятар шамасы жоқ.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
9 лет назад 3987
1 комментарий
О блоге
0
16258 49 141 1273 74