Нағыз мүмiн осы мiне танып қой!!!
Нағыз мүмiн осы мiне танып қой!!!

Жаратқанға жалбарынып бағынған,
Түпсiз терең күпiрлiктен арылған,
Бес парызын бекем ұстап сабылған.
Пайғамбарын әр сәт сайын сағынған.
Нағыз мүмiн осы мiне танып қой.

Арақ iшiп азып-тозып жатпаған,
Дәстүрiмен ата салтын сақтаған.
Ата-ананың ақ үмiтiн ақтаған,
Ел-жұрт оны шаң жуытпай мақтаған.
Нағыз мүмiн осы мiне танып қой.

Қоғамға да еш зияны тимеген,
Құмар зина, күнәларды сүймеген.
Дүние жинап, мол байлықты үймеген,
Тозақ барып, жаны тәнi күймеген.
Нағыз мүмiн осы мiне танып қой.

Алға жүзген арман қосып арманға,
Алданбаған бес күн дүние жалғанға.
Аттамаған ала жiппен арданда,
Аппақ болған жан жүрегi қарданда. 
Нағыз мүмiн осы мiне танып қой.

Отбасына қамқор болып қорғаған,
Бар санасын жәннәт бағы торлаған.
Жақсылыққа көмек берiп қолдаған,
Иман нұры жүрегiнде солмаған.
Нағыз мүмiн осы мiне танып қой.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
10 лет назад 4152
0 комментариев
О блоге
0
16258 49 141 1273 74