Алладан тiле, құдiретi жоқ басқаның!!!
Алладан тiле, құдiретi жоқ басқаның!!!



Жаман қылықтың бәрiнде сырып тастағын,
Қиындық туса сабыр ете бiл саспағын.
Тайраңдап жерде, тәкаппарланып жүргенде,
Дүние өтер көздi ашып-жұмсаң қас қағым.

Құдайың берiп мол ақша тисе тасынба,
Құлшылық жасап, бiлiмге бұрыл жасыңда.
Амалыңды бар байқап тұратын әрдайым,
Шындық жазатын перiштелер бар расында.

Өзендей өмiр ағып-ақ лезде жоғалар,
Ұйқымен өтiп жарты ғұмырың тоналар.
Жалғанның арзан ойын-күлкiсiн тәрк етсе,
Жаббар Құдайдың жәннаттық сыйын сол алар.

Мұсылман деген тек жақсылыққа бас ұрған,
Өз бауырның бар кемшiлiгiн жасырған.
Ұл- қыздарына ислам дiнiн үйретер,
Тараған үммет Мұхаммед расул асылдан.

Көбi бiрақта шайтан сөзiне алданар,
Ақырет күнi сол iстерi үшiн зарланар.
Ислам жайын ақымаққа айтсаң құп көрмей,
Ақылдыға айтсаң амалын жасап қамданар.

Мұсылман елiм ашықта болсын аспаның,
Сауаты артып тақуа болсын жастарың.
Дәрменiң барда құлшылық жасап қол жайда,
Алладан тiле, құдiретi жоқ басқаның.

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
9 жыл бұрын 3815
1 пікір
Блог туралы
0
16258 49 141 1273 74