Ананың жүрегі!
Ананың жүрегі!


Өмiрдiң сарқылмас бұлағы,
Мейiрiм шуақтың тұрағы.
Ананың жүрегi,
Тәрбиенiң сөнбейтiн шырағы.

Тоғыз ай көтерiп баптаған,
Шырылдап жаныңды сақтаған.
Ананың жүрегi,
Тыныш ап бiр сәтке жатпаған.

Елең ғып қайдағы- жайдағы,
Жылулық ананың сайманы.
Ананың жүрегi,
Мейiрiм махаббат қайнары.

Өсiрер әлдиiн аялап,
Әжелер ақ жолын саялап.
Ананың жүрегi,
Жердегi теңдессiз саябақ.

Көктемдей құлпыртқан жаныңды,
Сындырмай өсiрген сағыңды.
Ананың жүрегi,
Мейiрiм ошағы жалынды.

Сен кисiн, сен iшсiн дейтұғын,
Көп берiп өзi аз жейтұғын.
Ананың жүрегi,
Әрдайым тоқ жүрсiн дейдi ұлын.

Қарайтын мейiрбан көзiмен,
Қуансаң қуанар сезiммен.
Ананың жүрегi,
Бiр сенiң мәңгiлiк өзiңмен.

Өзендей өлең боп ағатын,
Сен үшiн арнар бар сағатын.
Ананың жүрегi,
Таусылмас жыр болып таматын.

Көп пенде бай болып кетсем дес,
Байлыққа құл болған сескенбес.
Ананың жүрегi,
Ешқандай байлықпен өлшенбес.

Ұқпайтын наданды жатсана,
Иманды ек көкiрек бақшаңа.
Ананың жүрегi,
Сатылмас ешқандай ақшаға.

Мейiрiм жауабы мейiрiм,
Түсiнбей жүрсiңдер кейбiрiң.
Ананың жүрегi,
Жатса да қан жылап дейдi ұлым.

Тасбауыр жүректер жылынса,
Аялап қадiрiн ұғынса.
Ананың жүрегi,
Бақытты болар ед бұрынша.

Бұл дүние жеткiзбес тазыда,
Разымын байлықтықтың азына.
Ананың жүрегi,
Мен үшін ең қымбат қазына!

Амалхан ТөлебекАмалхан Төлебек
10 жыл бұрын 8324
2 пікір
  • Амалхан бауырым! Ана тақырыбы адамзат үшін сарқылмайтын мәнді де мазмұнды дүние! Ұрпаққа берер тәлімі өте көп. Дегенмен поэзия өте нәзік жанр ғой. Ұлы Абай "бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, бұл ақынның білімсіз бейшарасы" деп, баршамызға өлмес қағида тастамап па еді. Сондықтанда өлеңнің ұйқастарына абай болғайсың. Ізденген адамға шырақ өзі жағылады емес пе. Қаламың ұштала берсін.
    10 жыл бұрын
    • Улкен рахмет. Айтканызга толыктай келисемин. Оленнин ишинде былгап турган соз барма, жок алде уйкастары унамадыма?
      10 жыл бұрын
Блог туралы
0
16258 49 141 1273 74